Қырымда Сталин, Черчилль, Рузвельтке ескерткіш қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырымдағы Ялта конференциясының 70 жылдығына орай, Иосиф Сталин, Уинстон Черчилль және Франклин Рузвельтке ескерткіш қойылады. Мүсін авторы Зураба Церетели, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА.

Мүсін Ялта киностудиясының 70 жылдығына орай Ливадиялық сарайға тарту етіледі.

Мүсін салмағы 10 тонна.