Бастапқы мәліметтерге сәйкес, жол апатынан 5 адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алған. Бұл туралы Қырым республикасындағы ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ольга Кондашева мәлімдеді.
«Джанкой-Армянск» бағыты бойынша қозғалып келе жатқан электрлі пойыз теміржол өткелінде Mercedes Sprinter микравтобусымен соқтығысқан. Зардап шеккендердің барлығы автобус жолаушылары, көлікте 13 адам болған», -деп хабарлайды жергілікті ТЖМ.
Электрлі пойыз рельстен шыққан жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар мен медицина мамандары жұмыс істеп жатыр.