Қырымда Түркі жастары халықаралық бірлестігінің құрылтайы өтуде

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Кеше Ялтада (Қырым автономиялық республикасы) ашылған Түркі жастары халықаралық бірлестігінің XIV құрылтайына қатысу үшін Украина, Ресей, Қазақстан, Болгария, Австралия, Македония, Румыния, Түркия, Голландия және басқа да елдердің 200-ге жуық делегаты тіркелді,

деп хабарлады     Қырым-татар    халық мәжілісінің  баспасөз қызметінен.

Мәжіліс  басшысы Мұстафа Жемилов,   құрылтай  делегаттары    өз проблемаларын талқылау  және     оларды шешудің   жолдарын бірлесіп  іздестіру  үшін   жиналып отыр.   Оның айтуынша,        жастар  форумның басты міндеті - түркі  халықтарының     достастық қарым-қатынастарына  қолдау көрсету,     жастардың мәдени бірігуі   және      біртұтас түркі халқы  отбасының  мүшелерін  өзара қолдау.

Тамыздың 14-іне  дейін созылатын     құрылтайдың күнтәртібіне    Шығыс Түркістандағы    ұйғырлардың  проблемасы (Қытай),   Ресей мен Ирандағы түркі халықтарының    жағдайы, сондай-ақ   қырым  татарларының   көші-қон және    қоныс  тебу   мәселелері  шығарылып отыр.

Алғашында  татар,    одан кейін түркі жастарының басын   біріктіру  идеясы   1992 жылы  туындаған болатын.  Идея авторы -  Татарстандағы  «Азатлык»    Жастар одағы.    Түркі жастарының съездері   бұған дейін  Ресей, Әзірбайжан,  Қазақстан,  Түркия, Қырғызстан,   Румыния,  Македония    Украинаның  Қырым  Автономиялық Республикасында    өткен.