Ведомствоның атап өтуінше, бүгінгі күнге дейін «Қазгидромет» кәсіпорны еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлеріндегі барлық облыс орталықтарында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 37 мәрте ескерту жариялаған. Сонымен қатар жолдың көктайғақ болып, боран соғуына байланысты Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында автокөліктің барлық түріне жол жабылған.
Шұғыл әрекет ету әрі төтенше оқиғаға жол бермеу мақсатында ҚР ТЖМ-ның барлық құтқару бөлімшелеріне, жол полиция бөлімдеріне, медицина қызметтеріне жол бөлігінің аса қауіпті өңірлері арнайы бекітілген.
2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 3937 адамды шығарып, 1245 көлікті қауіпсіз жерге жеткізді.