Атап айтқанда, қозғалысқа қойылған шектеулердің басым бөлігі бұрқасын боранға байланысты - 388 рет, ауа температурасының төмендеуінін - 55 мәрте, көктайғақ салдарынан 54 рет және басқа да табиғи себептерге орай жолдар жабылды. Соңғы рет жол қозғалысына шектеу 15 сәуірде Ақмола мен Қостанай облыстарында тіркелді.
«БАҚ арқылы халық назарына жол жағдайы күнделікті хабарландырылып, телеарналар арқылы жедел түсірілімдер көрсетіліп, жол жағдайлары жайында ескертулер жасалып отырды. Сонымен қатар жолдағы ахуал туралы ақпарат Көлік және коммуникация министрлігі мен «Қазақавтожол» РМК сайттарында күнделікті жарияланды. Тәуліктік орталық ақпараттандыру телефоны да үздіксіз жұмысын жүргізді. Қоңырау шалушылардың арасында көбінесе боран басталмай жатып жолға шығып, ортасында қозғалыссыз қалып қойған жағдайлар жиі кездесті. Бұндай жолаушыларға тиісті көмек шаралары көрсетіліп отырды»,-делінген бұл мәліметтерде.
Бұған қоса су тасқынын алдын алу шараларына «Қазақавтожол» РМК дайындығы үздіксіз жүргізілді. Ауа райы температурасының күрт көтерілу салдарынан қар еріп, тасқын сулардың жолды шайып кету қаупіне байланысты шектеулер Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарында енгізілді.