185 мың адамға талдау жүргізілді. Олар депрессиялық жағдаймен маманға жүгінген.
Нәтиже осындай жағдайлар сағат ауысқаннан кейін 8 пайызға ұлғаятынын көрсетті, бұл деректер 1995-2012 жылдар аралығында зерделенді.
Сарапшылар бұл қиындықтар кездейсоқ емес екенін, анық көрініп тұрғанын хабарлады.
Мамандар сондай-ақ оның ықтимал себептерін де көрсетті. Теріс психологиялық әсер қараңғы, суық күндері туындайды. Негізінен, адам таңертең қараңғыда жұмысқа шығып, кешкі қараңғыда үйлеріне келеді. Басқа себеп табылған жоқ.