Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
«2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жедел деректер бойынша Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 30 трлн. 072,5 млрд. теңгені құрады. 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5 пайызды құрды. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 40,7 пайызды құрады, қызмет көрсету - 52,9 пайыз», - деп атап өтті ол.