Бұл туралы бүгін Астанада биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Аталған индикатор ІЖӨ-нің 68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс, көлік және байланыс секілді негізгі салалар бойынша негізделді.
«Биылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 193 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға кем болды»,-деді төраға.
Оның айтуынша, өткен айда өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1 трлн. 299 млрд. теңген құрап, 1,9 пайызға өсті. Оның ішінде кен өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі өткен жылғы деңгейге сәйкес, өңдеу өнеркәсібінде - 5 пайыз өсім, сондай-ақ электр, газ, бу беру саласында өсім 7,5 пайызға жетті. Бұдан басқа, қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі 60 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылдың бұл кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға кем болды.