Қысқы Астананың келбеті көктен түсірілген видео пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Open.kz» жобасы қысқы Астананың көктен түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Open.kz» - Қазақстанға есік аш жобасы Қазақстанның инвестициялық, экономикалық, мәдени тартымдылығына арналған жоба.

«Құрметті оқырмандар. 2017 жылы сиқырға толы Қазақстанға саяхаттап, талантты қазақстандықтар туралы, еліміздің салт-дәстүрі мен қазіргі жетістіктері туралы жаңалықтар айтамыз. Жаңа жылдағы алғашқы видеомыз - Қазақстанның елордасы - Астана қаласының жаңа жылдық келбеті туралы болмақ»,-деп жазған жоба авторлары әлеуметтік желіде таратқан видеоның астына.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы хабарлағандай, Жаңа жыл мерекесіне орай елордада 37 шырша конструкциясы орнатылған болатын. Бұдан өзге, қаланың бірнеше көшесінде орнатылған сәулеті мен пішіні ерекше 3D форматты безендірулер, «Сиқырлы күрке», «Мұз бұғысы» сияқты 20 түрлі «сиқырлы» формалар, сондай-ақ «Қазақ елі» монументі, «Отан қорғаушылар» алаңы, жаңа Оқушылар сарайы, Сарыарқа аудандық әкімдігі алдындағы алаңдарда бой тепкен субұрқақ іспетті құрылымдар.

«Open.kz» жобасының көктен түсірілген видеосында Астананың жаңа жылдық келбетін толық тамашалауға болады.