Бұл туралы бүгін елордадағы энергетикалық нысандардың жұмысымен таныстыру кезінде «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының бас инженері Василий Иерг айтты.
«Биыл елорда маңындағы қосалқы стансада тиісті жөндеу жұмыстары атқырылды. Атап айтқанда, біздің жабдықтар Астанада өтетін қысқы Азиядаға 100 пайызға дайын»,-деді бас инженер.
Оның сөзіне қарағанда, ЕҚЫҰ және алдағы Азиада қарсаңында энергетикалық мүмкіндікті арттыру үшін жақында қалалық орталық қосалқы стансадағы АТ-125 трансформаторы бұдан да қуатты АТ-250 жабдығына ауыстырылған.
«Осы орайда біз бұл қуатты трансформатор арқылы спорттық шаралар кезінде қажетті электр энергиясының қорын қамтамасыз ете аламыз. Егер энергияны пайдалану деңгейі артқанның өзінде бізде 220 МВА көлемінде резерв болады»,-деді В. Иерг.
Айта кетейік, 2005-2010 жылдар аралығында елордадағы энергияны тұтыну деңгейі 30 пайызға артты.