Бұл туралы Алматы әкімдігі жанындағы Аазия ойындарын ұйымдастыру дирекциясы мен көркемсурет көрмелері мен аукциондары дирекциясынан мәлім етті.
Олардың хабарлауынша, көрме тақырыбы бекер таңдалып алынбаған, тағылымдылық (толеранттық) - бұл біздің елімізде өмір сүретін халықтардың басты қағидасының бірі. «Біздегі ортақ мәдениет Қазақстанда тұратын түрлі этностардың бірлігі нәтижесінде қалыптасты. Бұлардың өзегі болып қазақ халқының ашық, көп ғасырлық тағылымды мәдениеті тұр. Оның негізі - басқа халықтарға құрмет пен достық ниет»,- дейді ұйымдастырушылар.
Көрме конкурс түрінде өткізілмек. Оған 50 автордың 100-ден астам туындысы қойылады. Көрме қорытындысы бойынша «Жас және әуесқой», «Кәсіпқой» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталмақ.