ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 5 мың метр қашықтықта ерлер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдені иеленді.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын батысқазақстандық шорттрекшілер Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев мәреге үшінші болып келді. Олар оңтүстіккореялық және жапондық спортшыларды ғана алға жіберді.
Сөйтіп осыған дейін жекелей сында жартылай финалға дейін барып, жолы болмаған қазақстандық шорт-трекшілер бүгін командалық бәсекеде ерледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).