АОК-ның президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах атап көрсеткендей, Азиада Алауын АОК штаб-пәтері орын тепкен қаладан тұтандырып, оны Қазақстанға жеткізу және қысқа уақыт ішінде ел өңірлерімен Алау эстафетасын өткізу соны идея болды.
Шейхтың айтуынша, Қазақстанның бұл бастамасы алдағы уақытта қарастырылып, АОК Ассамблеясының қарауына ұсынылады.
«Себебі кейбір елдер эстафетаны өз елінің аумағында бастауды қалайды. Бұл көптеген елдердің тәжірибесі. Тіпті 1-інші Ойындардың өзінде Тайланд Королі эстафетаны өз елінде бастауды жөн көрді. Бұл елдердің тарихы әдеттегі эстафетаны өткізуді қарастырады. Бірақ біз Қазақстанның экспериментіне талдау жүргізіп, зерделеп, Ассамблеяға ұсынатын боламыз», - деді ол.
Еске салайық, Қазақстанның ұсынысы бойынша Қысқы Азия ойындарының Алауы алғаш рет АОК орналасқан қалада тұтандырылды.