Қысқы Азия ойындарының келесі астанасы - Саппоро

Фото: None
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қысқы Азия ойындарының келесі астанасы Жапонияның Саппоро қаласы болып танылды. Бұл туралы бүгін Астанада Азиялық олимпиада кеңесінің төрағасы шейх Ахмад Аль-Фахад аль-Сабах мырза баспасөз мәслхатында мәлім етті.

«Бүгін бізде кеңестің отырысы өтті. Онда кеңеске мүше мемлекеттер өкілдері Қысқы Азия ойындарының өтетін келесі аймағы Жапонияның Саппоро қаласы болсын деп шешті»,-деді Ахмад аль-Сабах мырза.

Оның айтуынша, бүкіл олимпиадалық кеңестің мүшелері Саппоро қаласында осы сынды спорттық додаларды өткізудің мол тәжірибесі бар деп санайды. Ол бұның алдында өзінің спорттық кешендерінде қысқы жарыстарды қабылдаған көрінеді.

«Сондықтан Қысқы Азия ойындарының келесі астанасы болып Саппоро қаласы таңдалып алынды. Бұл оқиғаның бүкіләлемдік маңызы бар. Себебі қысқы олимпиадалық ойындарды өткізетін қалалар санаулы. Біздіңше ол қалада ойындар өте жоғары деңгейде өтетіндігіне сенеміз»,-деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар