Бұл жайында Алматыдағы халықаралық ақпарат тарату орталығында Азиада ойындарын тікелей эфирде көріп отырған Абай атындағы опера және балет театрының солисті, профессор Шахмардан Әбілов ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.
«Елімізде өтіп жатқан ойын Қазақстанның биік шыңды бағындыруы деп білем. Кеше ғана ЕҚЫҰ-ға төрағалықты үлкен абыроймен атқарып, күллі әлемге үлкен шараларды өткізе алатындығымызды тағы бір рет дәлелдедік»,-дейді Ш.Әбілов.
«Бұл - Елбасы мен бірлігі жарасқан халқымыздың арқасы. Осы ойында спортшыларымыз жоғары шыңдардан көрініп, ел намысын қорғайды деп білемін», -дейді профессор.