Бағдарламаның бұл түрінде қазақстандық Галина Вишневская-Шепоренко ел намысын қорғады.
Өкінішке қарай отандасымыз жалпы есепте жарысқа қатысқан 60 спортшының ішінен 52-ші орынға ие болды.
Аталған сында Бейжің олимпидасының алтын медалін Норвегия спортшысы қанжығасына байлады.
Күміс медальге Швеция биатлоншысы қол жеткізсе, үздік үштікті италиялық атлет түйіндеді.
Биатлон. Спринт. 7,5 км. Әйелдер
1. Марте Олсбу Роизленд (Норвегия) - 20:44,3 (0 0)
2. Эльвира Карин Оеберг (Швеция) 30,9 (0 0)
3. Доротеа Виерер (Италия) 37,2 (0 0)
52. Галина Вишневская-Шепоренко (Қазақстан) 2:38,3 (1 0)