НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бәсеке нәтижесінде украиналық Григорий Вовчинский мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын германиялық Марко Майерге бұйырса, үздік үштікті канадалық Марк Арендз түйіндеді.
Ал қазақстандық спортшы мәреге сегізінші болып келді. Көрсеткіші - 18:40.3. Оның жарыс жеңімпазынан қалып қойған көрсеткіші - 2:22.7.
Енді қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.
Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин қорғайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.