НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған Александр Герлиц мемлекет тарапынан қанша көлемде сыйақы алатыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, бүгін қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды.
Александр Герлиц қола жүлдесі үшін 75 мың АҚШ доллары (38 миллион теңге) алатын болды.
Еліміздің атынан Қысқы Паралимпиадада алтын алғандарға 250, екінші орын иелеріне 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленген.
XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғауда.
Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.
Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.