Қысқы Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі нәтижесі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде басталған 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының алғашқы күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан сырғанаудан спринтерлік бәсекеде Сергей Усольцев 15-орынды місе тұтты. Оның жеңімпаздан қалып қойған көрсеткіші - 3:09.4. Ал Ербол Хамитов 16-орын алды. Көрсеткіші - 3:29.1.

Одан кейін Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысында жарысты сегізінші орынмен аяқтады.

Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин қорғайды.

Еске салсақ, Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.