Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Бірінші кеезңде қарсылас қақпасына бес гол соғып үлгерді. Оны Артем Королёв 2, Абай Маңғысбаев 4, 16, Максим Мусоров 7, Всеволод Логвин 12-минуттарда өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына тағы үш шайба соқты. Құрама сапынан Станислав Александров 25, Саян Данияр 29-минутта мергендік танытса, Максим Мусоров 34-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал үшінші кезеңде Саян Данияр 49-минутта гол соғып, басымдықты арттыра түссе, 54-минутта венгриялық спортшылар кездесу барысындағы алғашқы голын соқты.
Осылайша Қазақстан студенттер құрамасы қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсті.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.
Бұған дейін қазақстандықтар 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңді.
Енді олар 6 қаңтарда Ұлыбританиямен кездессе, одан кейін 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.