Қысқы универсиада ойындарын Алматыға дейін қай елдер өткізді
Осыған дейін Қысқы универсиада ойындары қай жылы, қай елде өткенін назарларыңызға ұсынамыз:
1960 жыл:
I Ойындар - Шамони (Франция)
1962 жыл:
II Ойындар - Вилларс (Швейцария)
1964 жыл:
III Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1966 жыл:
IV Ойындар - Сестриере (Италия)
1968 жыл:
V Ойындар - Инсбрук (Аустрия)
1970 жыл:
VI Ойындар - Рованиеми (Финляндия)
1972 жыл:
VII Ойындар - Лэйк-Плэсид (АҚШ)
1975 жыл:
VIII Ойындар - Ливиньо (Италия)
1978 жыл:
IX Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1981 жыл:
X Ойындар - Хака (Испания)
1983 жыл:
XI Ойындар - София (Болгария)
1985 жыл:
XII Ойындар - Белунно (Италия)
1987 жыл:
XIII Ойындар - Штрбске Плесо (Чехословакия)
1989 жыл:
XIV Ойындар - София (Болгария)
1991 жыл:
XV Ойындар - Сапорро (Жапония)
1993 жыл:
XVI Ойындар - Закопане (Польша)
1995 жыл:
XVII Ойындар - Хака (Испания)
1997 жыл:
XVIII Ойындар - Муджу (Корея Республикасы)
1999 жыл:
XIX Ойындар - Попрад (Словакия)
2001 жыл:
XX Ойындар - Закопане (Польша)
2003 жыл:
XXI Ойындар -Тарвизио (Италия)
2005 жыл:
XXII Ойындар - Инсбрук Зеефельд (Аустрия)
2007 жыл:
XXIII Ойындар - Турин (Италия)
2009 жыл:
XXIV Ойындар - Харбин (Қытай)
2011 жыл:
XXV Ойындар - Эрзурум, (Түркия)
2013 жыл:
XXVI Ойындар - Трентино (Италия)
2015 жыл:
XXVII Ойындар - Гранада (Испания)
Ал келесі XXVIII Универсиада ойындары қазақ елінің Алматы қаласында 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер де атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.