АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 28-інші қысқы Универсиаданың шорт-трек бағдарламасы бойынша әйелдер арасында 3 мың метрлік қашықтықта эстафета жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазақстандықтар ең соңғы сәттерде жапониялықтарды басып озып, қола жүлдені жеңіп алды. Оңтүстік Корея спортшылары кезекті алтынына қол жеткізсе, қытайлықтар күміс жүлдені еншіледі.
Қазақстан құрамасы сапында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай және Мәдина Жанбосынова өнер көрсетті.
Бұл - қазақстандық шорт-трекші қыздардың универсиададағы тұңғыш медалі.
Айта кетейік, қазіргі кезде ерлер арасындағы эстафеталық жарыс өтуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).