А.Мухин масс-стартта екінші болып, күміс медаль жеңіп алды. Ол ату рубеждерінде төрт рет мүлт кетіп (0 2 2 0), дисциплина чемпионы – француз Аксель Гарньеден 24.8 секунд қалып қойды. Қола жүлдені Норвегия биатлоншысы Эрьян Мосенг жеңіп алды.
Бұдан бөлек, масс-стартта өнер көрсеткен Кирилл Бауэр – төртінші, Вадим Куралес – жетінші, Бекентай Тұрлыбеков 19-орынға тұрақтады.
Биатлон. Ерлер
Масс-старт. 15 км.
1. Аксель Гарнье (Франция) — 39:53.7 (1 0 0 0)
2. Александр Мухин (Қазақстан) — 24.8 (0 2 2 0)
3. Эрьян Мосенг (Норвегия) — 32.3 (0 2 2 1)
4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) — 53.6 (0 0 2 0)
7. Вадим Куралес (Қазақстан) — 1:13.5 (0 1 2 1)
19. Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — 4:23.5 (1 2 3 1).