АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында 12 қаңтарда жалауын көтеретін Қысқы универсиадада шорт-трек, коньки спорты және мәнерлеп сырғанаудан қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шорт-тректен құрамға 12 спортшы енгізілген. Олардың қатарында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұқанов, Антон Хван, Санжар Жанысов, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов, Яна Хван, Алёна Волковитская, Әлия Әмірғалиева, Мәлика Ермек, Зейнеп Кұмарқан, Алина Әжғалиева бар.
Ал коньки спортынан алты спортшыға сенім артамыз. Еліміздің атынан жарыс жолына Мақсат Мұқаев, Бақдәулет Сағатов, Андрей Зуев, Маргарита Артемьева, Инесса Шумекова, Арина Ильященко шығады.
Сондай- ақ, мәнерлеп сырғанауда Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Ясмин Текик, Русалина Шакрова, Гаухар Наурызова, Бойсангур Датиев ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қысқы универсиадада Қазақстан намысын 78 спортшы қорғайтыны хабарланды.
Сондай-ақ, аталған жарысқа қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.