Қыста небәрі 16 градус жылы: Мектеп директоры Алтай Көлгіновке шағымданды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала әкімі Алтай Көлгінов қыста жылыту жүйесі нашар, шатырынан су сорғалайтын №75 мектеп-лицейде болып, жағдайды өз көзімен көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігіненмәлім еткендей, А.Көлгіновтің мектеп директорларымен кездесуі барысында аталмышоқу орнының басшысы мектептің нашар жылытылуына және содан туындайтын бірқатарпроблемаларға шағымданған. Бүгін шаһар басшысы аудан әкімімен және Білімбасқармасының басшысымен білім ордасына барды.

«Күзде, қыстамектеп суық. Небәрі 14-16 градус жылы. Асхана, спортзал және тағы бірнешекабинеттердің шатырынан су кетеді. Үнемі шелектерді пайдалануға тура келеді. Кондиционерлердіқолданып ауаны жылытамыз деген ой бар. Оқу орны 2014 жылы ғана салынды», -деді мектеп-лицей директоры Салтанат Тоғатаева.

А. Көлгіновмердігер ұйым проблеманы жоюға тиіс екенін атап өтті. «Мектеп ғимаратынанебәрі 5 жыл ғана. Алайда, шатыры қолданыстан шығып, су кетіп жатыр,температура тек 14-16 градусқа жетеді. Бұрын салынғанмектептер жаңа мектептер сияқты жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Оқу орнындатехникалық тексеру жүргізу қажет. Мердігерлер мәселені шешу керек, кепілдікмерзімі бар. Білім басқармасы тарапынан нашар бақылау жүргізіліп жатқаны байқалады! Оқушылардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқуға қолайлы жағдай жасау керек», -деді ол.

Оқу орны 2014 жылыпайдалануға берілді, биылғы оқу жылында мектепке 3700 оқушы барады.


Соңғы жаңалықтар