Қыстың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 1-4 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің айтуынша, қыстың алғашқы күндері Қазақстанның біршама өңірінде қар жауып, боран соғады. Суық атмосфера ағындары республиканың көптеген облысында жауын-шашынға себеп болады.

Оның артынан жылжып келе жатқан қуатты антициклон алдымен елдің оңтүстік-шығысында, артынша қалған аумағында жауын-шашынды тоқтатып, күрт күннің суытуына әкеп соқтырады.