Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді.
Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады.
Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.