ҚХР Мемлекеттік кеңесінің кедей аудандарға жәрдемдесу басқарушы тобы кеңсесінің басшысы Лю Юнфудың айтуынша, 2016 жылы жергілікті ресурстарды игеру және мұқтаж аудандарда экономиканы дамыту есебінен кедейлікті жою бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
2015 жылы кедейлерге жәрдемдесу бойынша міндетке қатысты айта келе, Лю Юнфу орталық және жергілікті үкіметтер және тиісті ведомстволар күшінің арқасында осы жылы кедейлер санын 10 миллионға азайту міндеті орындалады деген болжам бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Синьхуа.