Қытай 2018 жылғы алғашқы спутнигін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай 2018 жылғы алғашқы ғарыш кемесін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Бүгін Бейжің уақытымен 11:24-те Солтүстік Қытайдағы Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға «Гаоцзин-1» үшінші және төртінші спутнигі ұшырылды.

Осылайша, Қытайда 2018 жылдың алғашқы ғарышқа ұшыруы сәтті жүргізілді.