Қытай 2020 жылға қарай орташа дәулетті қоғам құрады - Ху Цзиньтао

БЕЙЖІҢ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қытай 2020 жылға қарай орташа дәулетті қоғам құру тапсырмасын толығымен орындайды.

Бұл туралы бүгін Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП)  18-ші съезінің  ашылуында ұйымның бас хатшысы Ху Цзиньтао айтты.

«Бізге осы кезең жағдайындағы өзгерістерді қатесіз бағалай отырып, қолайлы сәтті толығымен пайдаланып, қарсы қыр көрсетушілерді суыққандылықпен елемей, бастамаға берік болып, үстемділікке және болашаққа иелік етуге ұмтылып, сол арқылы 2020 жылға қарай орташа дәулетті қоғам құру ауқымды міндетінің орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп мәлімдеді Ху Цзиньтао.

Қытай Компартиясы көшбасшысының сөзіне қарағанда, алға қойылған міндетті орындау үшін «2010 жылмен салыстырғанда ІЖӨ мен қалалық және ауылдық тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы кірістерін екі еселендіру» қажет.

Ху Цзиньтао «мемлекет ауылдарға, орталық және батыс өңірлерге қолдауды арттыратындығын», оларға «реформалар мен ашықтықты» іске асыру қарқынын жылдамдатуға қолғабыс ететіндігін, сондай-ақ «халықтың өмірін жақсартатындығын» уәде етті.

Бүгін Бейжіңде ашылған ҚКП-ның 18-ші съезі 14 қарашаға дейін жалғасады. Оған 82 млн.-нан астам партия мүшелері қатысуда. Съездің делегаттары ҚКП-ның бас хатшысы Ху Цзиньтаоның баяндамасын, тәртіпті тексеру жөніндегі ҚКП Орталық комиссиясы баяндамасын тыңдап, партияның Жарғысына түзетулер енгізеді. Съездің қорытындысы бойынша жаңа партиялық басшылық сайланады.