Қытай 3-5 жыл ішінде сандық баспа үйлерін құрып шықпақ

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық үкімет ҚХР дәстүрлі баспа үйлеріне 3-5 жыл ішінде бірнеше сандық баспа тобын құрастыру арқылы киберкеңістіктегі беделін кеңейтетін құжатты жариялады. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Құжатты Баспа, жарияланым, радио, кино мен телевидение істері бойынша мемлекеттік әкімшілік пен ҚХР қаржы министрлігі бірлесіп дайындады. Ол ақпараттық технологиялардың тез дамуы жағдайында дәстүрлі және сандық баспа үйлердің интеграциясына мемлекеттік қолдауды қарастырады.