Қытай ағымдағы жылы экономика көлемі жағынан АҚШ-тан озуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ағымдағы жылы экономика көлемі жағынан АҚШ-тан озуы мүмкін. Мұндай болжамды Әлемдік банк экономистерінің жаңа зерттеулеріне сүйенген Financial Times басылымы жасап отыр.

Мамандардың пайымынша, АҚШ экономикасы бұрынғыдан ертерек көшбасшы тізгінінен айырылып қалуы ықтимал.

Сарапшылар әр елдердегі сатып алушылық қабілетті зерттеп, салыстырған. Бұл экономиканың дамуын анығырақ байқаудың амалы.

АҚШ 1872 жылы Ұлыбританияның орнын басып, экономика жағынан дамыған елдердің көшбасшысы атанды. Осы күнге дейін ешкімге дес бермей келеді. Бұған дейін экономистердің басым бөлігі 2019 жылға дейін АҚШ Қытайды алға шығармайтынын есептеген болатын, деп хабарлады Росбалт.