«Қытай өзінің егемендігі мен қауіпсіздік мүддесін қорғау үшін шаралар қолданады», - деді ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь кезекті баспасөз мәслихатында.
Қытай тарапы АҚШ-тың Қытайдың Тайвань өңіріне қару сатуына түбегейлі қарсы ұстанымда, деп атап өтті ол.
ҚХР АҚШ-ты бір Қытай қағидасын және үш бірлескен Қытай-Америка коммюнике ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ АҚШ басшылығының «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамау туралы уәдесін іс жүзінде қолдануға шақырады, деп қорытындылады Ван Вэньбинь.
Фото: www.reuters.com