Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік энергетикалық басқармасы жариялаған баяндамада айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мамандарының есебіне сәйкес, энергетиканың аталмыш секторын кеңейту елде қосымша 13 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Құжатта анағұрлым маңызды бағыттардың бірі гидроэнергетика (2020 жылға қарай қытайлық ГЭС-тердің жалпы қуатын 380 мың МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда), жел стансылары (қуаттылық 210 мың МВт-қа дейін күшейтіледі), күн қондырғылары (110 мың МВт-қа дейін), биотехнологиялар (15 мың МВТ-қа дейін) екені жазылған.