Қытай әлем нарығына халал өнімдерді экспорттауды көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылдан-жылға мұсылмандар саны көбейіп, Ислам шариғаты ұсынған халал өнімдерге деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерген Қытай мемлекеті әлем нарығына халал өнімдерді экспорттауды жоспарлап отыр.

Өткен жылдан бері бұл елде «Халал» атауы мен Ислами халал өнімдерді зерттеу барысында бірнеше ғылыми конференциялар өткізіліп, нәтижесінде қытайлық компаниялар Малайзия арқылы халықаралық халал сертификатына ие болды деп жазады muslim.kz.