Қытай алғаш рет өзінің космонавтика күнін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңге ғарыш өнеркәсібінің жүзден астам мамандары Қытайда алғаш рет мерекеленіп отырған Космонавтика күніне жиналды, ол 24 сәуірде аталып өтті, деп хабарлады «Космонавтика жаңалықтары» сайты Синьхуаға сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар басқарылатын ғарыштық ұшулар  мен «Бэйдоу» спутниктік навигация жүйесінің ұлттық жоспарын дамыту перспективаларын талқылады.

Белгілі болғандай, космонавтиканы дамыту жобасының 20 жылы ішінде Қытай он ғарыш кемелерін және бір мақсатты ұшыру аппаратын және он ғарышкерді ғарышқа сәтті аттандырды.

 «2016 жылы елдің ғарыштық ұшырулары саласындағы жұмыс жеделірек жүргізіетін болады, деп атап өтті ғарыштық инженерияның бас жобалаушы Чжоу Цзяньпин, ол сондай-ақ жұмыс кестесі туралы айтты: шілдеде Чанчжэн-7» зымыран тасығышы ұшырылады, қазанда - «Шэньчжоу-11» кемесі екі ғарышкермен аттандырылады, оларды «Тяньгун-2» стансасына жеткізеді, онда олар 30 күн болмақ.

Сонымен қатар алғашқы қытайлық ғарыш стансасын құру жұмыстары толық көлемінде жүріп жатыр. 2018 жылы ғарыштық стансаның базистік моделі ұшырылады, ал 2022 жылы станса құрылысы аяқталуы тиіс, деп хабарлады Синьхуа.