«Бұл Қытай үшін ерекше оқиға. Алда өтетін шеру өткенді келешекпен байланыстырып, Қытайдың әлемдік қауымдастықпен қатынасын нығайтуға, бейбітшілік пен даму идеясын таратуға септігі тиеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті әскери парад істері жөніндегі топ басшысының орынбасары Цюй Жуй ҚХР Мемлекеттік Кеңесі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында.
14:54, 23 Маусым 2015
Қытай алғаш рет шет елдердің қарулы күштерін әскери парадқа қатысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай күзде Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70-жылдығы құрметіне өтетін әскери парадқа қатысуға алғаш рет шет елдердің қарулы күштерін шақырып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.