«Қытай тарапы бүкіл Азияны қамтитын АӨСШК-ні қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық пен пікір алмасу алаңына айналдыруды ұсынады және соның негізінде аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын әзірлеуде», - деді ол.
Ол АӨСШК-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысын жиі ұйымдастыруды, оның Хатшылығының қызметін кеңейтуді, форум аясында қорғаныс саласындағы консультация механизмін құруды, барлық 5 сала бойынша (экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, әскери-саяси, жаңадан туған қауіптер-қатермен күрес) сенім шараларының орындалуын бақылайтын жұмыс тобын құруды ұсынды.
«АӨСШК үкіметтік емес форумын ұйымдастыру арқылы қоғамдық негізде алмасу желісін құруды ұсынамыз. Бұл АӨСШК қауіпсіздік тұғырнамасын тарату ауқымын кеңейту үшін нық әлеуметтік негіз қалауға және оның беделі мен ықпалын күшейту үшін қажет», - деп атап өтті Си Цзиньпин.
Қытай басшысы АӨСШК-нің инклюзивтілігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ басқа аймақтық және халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастықты тереңдету қажеттігін атап өтті. Си Цзиньпин «үш зұлдымдықпен» (терроризм, экстремизм және сепаратизм) күресуде жиі тәжірибе алмасу мен ықпалдастық механизмін, яғни Азия елдері арнайы қызметтер форумы мен жылдам әрекет ету орталығын құруды ұсынды. Еске сала кетейік, бүгін, 21 мамырда Шанхайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 4-ші саммиті өз жұмысын бастады.
Саммитке қатысу үшін Шанхайға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Пәкістан, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Шри-Ланка басшылары және Камбоджа премьер-министрі, сонымен бірге БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун келді. Түркия Президенті Абдулла Гүл шахтадағы кеншілердің қаза болуына байланысты келген жоқ. Саммитке Түркияның атынан елдің Сыртқы істер министрі қатысуда.
Кеше саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Иран Президенті Хасан Роухани Қытайға мемлекеттік сапар жасады.