Қытай араб елдерін энергетикалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

ИНЬЧУАНЬ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚХР билік өкілдері араб елдерімен энергетика және сауда саласындағы ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге шақырды.

Нинся-Хуэйский автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Иньчуань қаласында «Қытай-Араб елдері-2013» ЭКСПО-ның ашылуында Қытай Ұлттық саяси консультативті кеңесі бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Юй Чжэншэн осындай мәлімдеме жасады.

Дәрежесі бойынша аспан асты елінің төртінші шенеунігінің сөйлеген сөзінде тікелей Сириядағы дағдарыс туралы айтылмаса да, Юй Чжэншэн «бейбітшілік, тұрақтылық пен даму Қытай халқы мен араб елдерінің ортақ мүдделеріне жауап беретінін» айтты.

Сонымен қатар, Қытай екі жақты да саяси өзара сенімді нығайту, сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, гуманитарлық байланысты жандандыруға үндеді.

Өткен жексенбі Қытайдың солтүстік батысында Нинся-Хуэйский автономиялық ауданында «Қытай-Араб елдері-2013» ЭКСПО көрмесі ашылды. Халықаралық көрме 15-19 қыркүйек аралығында 20 миллион қытай мұсылмандарының «үйіне» айналған Нинсяда өтуде.

2010 жылдан бері 3 жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Қытай-Араб елдері» сауда-экономикалық форумы ҚХР орталық басқаруында ЭКСПО-ға айналды.

Көрмеге 7300-ден астам қытай және шетелдік ресми тұлғалар, Иордания, Сауд Аравиясы, Кувейт, Сирия және басқа арба елдерінен бизнесмендер мен инвесторлар қатысады.