Қытай әскер санын 700 мың адамға қысқартпақшы

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Қытайдық халық-азаттық әскері таяудағы екі-үш жылда 700 мың адамға қысқартылмақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Қысқарту реформа аясында өтеді. Оның мақсаты - қытайлық әскерді заманға лайықты және жоғары технологиялық ету.

Қысқарту ең алымен құрғақтағы әскерлерге жүргізіледі; бір мезгілде Қытай Әскери-Әуе күштері мен Әскери-теңіз күштері жеке құрамдарының санын арттыруға ниет танытып отыр. Дереккөздердің бірінің айтуынша, әскерлердің бұл түрлеріне негізінен жоғары білімді адамдар алынатын болады.

Қазіргі уақытта Қытай әскерінің саны шамамен 2,3 миллион адамды құрайды - әскер саны жағынан әлемдегі ең ірі мемлекет. Әскери реформадан кейін оның қандай болатыны әзірге беймәлім.