Қытай астанасында велотректен әлем чемпионаты басталды

None
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бүгін Бейжіңдегі «Лаошань» жабық олимпиадалық велотрегінде Халықаралық велоспорт қауымдастығының қамқоршылығымен велотректен әлем чемпионаты басталды.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, жарысты ҚХР денешынықтыру бас басқармасы, Бүкілқытайлық велоспорт қауымдастығы, Бейжің мэриясы және қалалық спорт басқармасы ұйымдастырды. Әлемдік байрақты бәсекеге Жапония, Таиланд, Канада, Ресей, Украина, Ирландия, Италия, Мексика және басқа елдердің 300-ге тарта ерлер және әйелдер құрама командалары қатысуда.