Қала дәрігерлері солтүстік-шығыстағы Хэбэй провинциясының Чэндэ қаласында тұрғындардың бірінен түйнеме ауруын анықтаған. Пациент Чэндэден Бейжің ауруханасына жеткізілді. Оның бойынан ауру белгілерінің пайда болғанына төрт күн болған.
Қазіргі кезде оқшауланған пациент мамандардың қарауында, ол емдеу курсын өтіп жатыр.
Бейжің қаласының Ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының болжамынша, науқас індетті үй малынан жұқтыруы мүмкін.