Қытай әуе компаниясының ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3U8633 Чунцин - Лхаса рейсін орындаған қытайлық «Сычуань әуе желісі» әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда Ченду қаласының Шуанлю әуежайына қонуға мәжбүр болды.

 Өйткені лайнер ұшқышының кабинасының терезесі сынып кеткен, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Ұшақ Чендуға таңертеңгі 7:46-да қонған. Оның бортында 119 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған. Екі экипаж мүшесі зардап шекті. Ал жолаушылар арасында жарақаттанғандар жоқ.