Қытай аумағында бір күнде 3 рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні Алматы уақытымен сағат 06:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 331 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.5. MVP магнитудасы - 4.3. Бағыты - 42.07° с.е. 80.64° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге 11 қазан күні 8 сағат 7 минутта және 8 сағат 35 минутта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да екі рет жер сілкінді.

MPV магнитудасы – 4,1 және 4,0.

Фото: aa.com.tr