Желтоқсан айының басында Қытай билігі соңғы онжылдықта болған ең үлкен наразылық толқынынан кейін үшжылдық «нөлдік ковид» саясатынан бас тартты.
Мұндай шаралар ел тұрғындарының табиғи иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік бермеді.
Ал Қытайда жасалған вакциналар COVID-19 мутацияланған нұсқаларымен күресуде батыс вакциналарына қарағанда тиімділігі төмен болып шықты.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, тек 20 желтоқсанда бір күнде 37 миллион қытайлық коронавирус жұқтырған.
Ал тәуелсіз сарапшылар күн сайын шамамен миллион адам вирус жұқтыратынын хабарласа, ресми Бейжің айдың басынан бастап үш мың жағдай тіркелгенін айтады.
Фото: AP Photo