«Ағымдағы жылы қыркүйек айының соңында Қытай тарапы Қазақстанның ветеринарлық қызметін зерттеп, инспекция жүргізгеннен кейін Қазақстанның 9 облысынан ет импорттауға салынған тыйымды алып тастады. Олар Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл біздің екінші кезеңге өткенімізді білдіреді. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігіне, ет өңдеу кәсіпорындарына инспекция жүргізілгеннен кейін, олар Қытайға өз өнімдерін тасымалдай алатын кәсіпорындардың тізіміне енгізіледі. Бұл жақын арада ірі қара және қой еттері Қазақстаннан Қытайға жөнелтіледі деген сөз», - деп атап өтті ол.
Айта кеткен жөн, ҚХР аталмыш тыйымды 2013 жылы Қазақстанда аусыл дертінің өршіп кеткен кезінде енгізген болатын.