Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Си Цзиньпин Әйелдердің жаһандық саммитіне қатысуға келген шетелдік саяси қайраткерлермен болған кездесуде мәлім етті.
Си Цзиньпин делегаттарды Қытай үкіметінің атынан құттықтап, соңғы 20 жыл бойына әйелдерді қолдау ісінде маңызды роль атқарып келе жатқан саммитке жоғары баға берді.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай үкіметі әйелдердің жұмысына үлкен назар аударып, бұл мәселені мемлекеттің даму бағдарламасына біртіндеп қосып келеді.
Ал Вьетнам вице-президенті Нгуен Тхи Доан саммитке қатысушы делегаттардың атынан Қытай тарабына саммитке өткізуге жасап отырған жағдайлар үшін алғыс білдірді және саммиттің алдағы уақытта да дүниежүзілік әйелдер ісін дамытуға қолдау бола беретіндігіне сенім білдірді.
Әйелдердің жаһандық саммитіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова бастаған қазақстандық делегация да қатысты.