Қытай азаматы Астана қаласының жағажайында суға кетті

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Кеше кешке Қытай Халық Республикасының 30 жастағы азаматы Астана қаласының жағажайында суға кетіп, мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар оның денесін бес сағат өткен соң судан алып шықты.