Шекаралық бақылау кезінде рейстік автобуспен елімізге келе жатқан азаматтың 110 келі жүгінің тиісті құжаттары болмай шықты. Ал оның жүгін ашып қарағанда барлығы ұялы телефонның қосалқы бөлшектері мен акссесуарлары екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша материалдар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.