Ағымдығы жылдың қазан айында Алматы қаласының «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг-757» ұшағының жолаушысы ұйықтап жатқан кезін пайдалана отырып 280 000 теңге ұрлап алған.
Ұшақ жерге қонған соң Алматы қаласының әуежайында ішкі істер қызметкерлері шетелдің азаматын ұстаған.
Сот үкімі бойынша Рау Джонг Чжау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс жасағаны үшін тоғыз ай бас бостандығынан айырылып, ол жазасын жалпы режімде өтейтін болды. Сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.